Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шығатын қарсыласын атады

19 сәуір 2018, 09:43

WBC, WBA (Super), IBF және IBO сериялары бойынша орташа салмақ чемпионы Геннадий Головкин (37−0−1, 33 КО) бесінші мамырда жекпе-жекке шығатын қарсыласы туралы ресми жариялады.

Отандасымызбен бұл жолы жұдырықтасатын боксшы Армения тумасы Ванес Мартиросян (36−3−1, 21 КО) болып шықты.

31 жастағы Мартиросян бүгінде АҚШ азаматы.

Ол 7 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа эмигрант болып барып, сол жерде тұрақтап қалған. 2004 жылы Афинде өткен Олимпиада барысында Құрама Штаттар үшін өнер көрсетіп, жарты жолда жарыстан шығып қалған. Осыдан кейін ол кәсіби боксқа ауысты.

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласының маңындағы StubHub Center орталығында өтеді.

Twitter: @GGGBoxing

24.kz