Бокс

Головкин DAZN ішіне іріткі салды

  • https://rus.azattyq.org/

    https://rus.azattyq.org/

DAZN стриминг қызметінің сарапшылары - жүргізуші Крис Мэнникс пен әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жегіне қатысты келісе алмады.

 

Мұның алдында GGG бірінші польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) содан кейін ғана "Канеломен" жұдырықтасатынын мәлімдеген.

 

Мэнникс қазақстандықтың ұстанымын қабылдай алмады: "Неге мұндайға келіспейміз дейсіз бе? Меніңше, бұл алжасқандық. "Канеломен" жекпе-жек DAZN платформасына жазылушыларды алып келуші. Бұл НВО-да болғандай pay-per-view деңгейіндегі айқас. Шереметамен жекпе-жек HBO Championship деңгейіне әзер жетеді және Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмеген уақыттарда табылған кездесулермен ғана тең. Вилли Монромен жекпе-жекке деңгейлес.

 

"Канело" болса келісіп тұр. Міне үлкен келісімшарт. "Канеломен" шығып, қомақты қаржы аласың немесе Шереметамен жұдырықтасып, осы үшін кім ақша береді екен деп қарайсың. Бұл қызық қой".

 

Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуға тырысуын доғарды

 

Ал Мора боксшы ретінде Головкинді қолдады: "Боксшы болғандықтан айтайын, Геннадий дұрыс істеп отыр. Ол рингке бір жыл шықпағандықтан қыздырынып алу керек. Ал жанкүйер ретінде айтсам, әрине, "Канеломен" трилогияны көргіміз келеді. Головкин 38 жаста, бір жыл жұдырықтаспады, ал бұл жекпе-жек биыл емес, келесі жылы өтсе не боларын білмейміз. Бұл пандемия екі боксшыға қалай әсер етерін де білмейміз. 38 жаста Головкиннің денесі өзіне қалай бағынатынын кім білсін? Иә, "Канеломен" жекпе-жекте созбалақтамай дереу тамашалағым келеді, бірақ, GGG-ді де түсінемін. Бұл Головкин және Джонатон Бэнкс үшін де дұрыс қадам".

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1282    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 21:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31