Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегі ESPN-дегі бокс кешінің басты оқиғасы болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
WBO ұйымының орта салмақта "уақытша" чемпион атағы үшін айқас 21 мамырға беогіленді. Бұл туралы инсайдер Дэн Рафаэль мәлімдеп отыр.
"WBO титулы үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум кездесуін өткізу құқын беретін сейсенбіге белгіленген промоутерлік сауда өтпейді. Олар 21 мамырда ESPN-дегі басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бұл туралы маған атақты Карл Моретти айтты. Ал өтетін орны нақтылануда", - деп жазыпты инсайдер.
Айта кетейік, боксшылар орта салмақта WBO титулын сарапқа салады, ал бұл дивизионда IBF және IBO белбеулері өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО).