Бокс

Головкин жаңа бапкер тауып, атын "өзгерті"

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Абель Санчестен бөлек кеткеннен кейін өзіне жаңа бапкер алды, деп хабарлады Sports.kz.


BoxingScene порталының журналисі Кит Айдектің мәліметінше, Головкин қандай шешім қабылдағанын төртінші мамыр күні таңертең ресми түрде жария етеді.


Айта кету керек, бұл күні оның бұрынғы қарсыластары – мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында жекпе-жек өтеді.


Сондай-ақ Кит Айдек Головкиннің аты енді ағылшынша "Gennady" (Геннади) деп емес, "Gennadiy" (Геннадий) болып жазылатынын атап өтті.


"Головкин туу туралы куәлігінде "Gennadiy" деп жазылғанын айтты. Дегенмен, бұл өзгерісті жасау үшін АҚШ-та жеті жыл жұдырықтасудың не үшін қажет болғаны түсініксіз", - дейді Айдек.


Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Геннадий Головкин Абель Санчестен бөлек кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған бапкер бұл ақпаратты растады.


Sputnik


 




Көрілген: 896    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31