Головкин "Канеломен" трилогия алдында керемет сыйлық алды

01 тамыз 2022, 18:08

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) промоутері Том Леффлер өз Instagram парақшасында GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы дайындығына пайдаланып жүрген жаңа бокс қапшығын көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қапшықта қазақша ою мен "GGG Promotions" жазуы бейнеленген.

 

 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.