Бокс

Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында қиын жағдайға түсті

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Журналист Майк Смит Boxingnews24.com порталында жазған мақаласында қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жекке қарсылас таңдауда "қиын жағдайға" түскенін жазыпты.


Головкин рингке 8 маусымда оралады деп жоспарланып отыр, алайда, бұл жекпе-жекке қарсыласы The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) отандасы Джермалл Чарлоны (28-0, 21 КО) қарсылас етіп таңдады.


"Бұл Головкиннің камерундық Хасан Н’Дам Н’Джикам, поляк Камил Шеремета және америкалық Деметриус Андраденің бірімен жұдырықтасу мүмкін екенін білдіреді.


Алайда бұл Головкин үшін ең нашар қарсыластар. GGG Н’Джикама мен Шереметаны жеңері сөзсіз. Бірақ көреремен мұндай жекпе-жекке разы болмайды да, жанкүйерлер DAZN-ге жазылмайтын болады. Головкин стриминг қызметінен үлкен қаржы алатыны белгілі, алайда, олар да қазақстандықпен келісімшарттан пайда түсіргісі келеді. Егер Головкин камерундық немесе полякпен жұдырықтасса, DAZN пайда көрмейді. Олар бокс жанкүйерлеріне таныс емес. Брэндон Адамста да үлкен танымалдық жоқ, алайда, америкалықтарға ESPN-дегі турнир бойынша белгілі.


Жанкүйерлер Головкинді WBO чемпионы Андрадемен бір рингте көргісі келеді, бірақ, GGG ​​онымен немесе Чарломен жұдырықтасқысы келмейді деген сөздер бар. Кей жанкүйерлер қазақстандық боксшы Андраде немесе Чарломен жекпе-жектен тайсақтайды деп есептейді.


Бұл Головкин маусымда Андрадемен жұдырықтаспайтынын білдіреді. Ал негізі Головкин бұл жекпе-жекті қабыл алғанда, жанкүйерлердің назарын аударып, DAZN-ге жазылушылар санын арттырар еді. Бірақ Головкин Андрадені жеңбесе, Альвареспен трилогия туралы ойлаудың мәнісі қалмайды", - деп жазыпты автор.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 16:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31