Бокс

Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жектен бас тартты

  • © HBO Boxing

    © HBO Boxing

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші рет жұдырықтасуға мүдделі емес. Бұл туралы мексикалық боксшының ісін жүргізетін Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес мәлімдеді.


"Головкин енді "Канеломен" жұдырықтасқысы келмейтін сияқты. Жеңіл жекпе-жектерді қалайды, бұған дейінгілерге ұқсас. Жарайды, көрейік", - деп келітреді Гоместің сөзін Boxingnews24.com.


Алайда промоутер алдын ала жүргізілген келіссөздерде не болғанын нақты айтпады. Промоутер үшінші жекпе-жек үшін Головкинді тиімсіз келісімшартқа көндірмек болды ма, әлде қазақстандық шынымен үшінші жекпе-жектен бас тартты ма, әзірге белгісіз. Гоместің бұлай айтуына не түрткі болғаны түсініксіз.


Мұның алдында Golden Boy Promotions иесі Оскар Де Ла Хойя Головкиннің өкілдерімен алдын ала кездесу өткізгенін хабарлаған. Сонымен қатар, ол Гомеске үшінші жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізуді бастауға нұсқау берген.


 vesti.kz




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30