Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің айтқандарына жауап берді. Бұл туралы fightnews.info ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Мексикалық боксшы трилогия Головкинмен жеке есеп айырысу болатынын мәлімдеген еді.
"Маған рингке шығу ұнайды. Кімге қарсы - бұл екінші мәселе. Ал "Канелоның" айтқандарына келсек, ондайы болса, ертерек жұдырықтасу қажет еді. Жоқ болып кетіп, басқа бағыттарды бетке алмай. Ал енді трилогия жеке есеп айырысу болады деген сөздері орынсыз", - дейді Головкин.