Бокс

Головкин "Канелоның" үшінші жекпе-жек үшін қойған талабына жауабын берді

  • © reviewjournal.com

    © reviewjournal.com

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) орта салмақта WBC және WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасу үшін қойған талабына жауабын берді. Боксшының сөзін BoxingNews24 басылымы келтіріп отыр.


Мұның алдында Альварес Головкинде чемпиондық белбеу болса ғана, 2019 жылы онымен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан.


"Канело" Альварес үшінші жекпе-жек үшін Головкинге жаңа шарт қойды


"Мұны айтқанда "Канело" қателесті деп ойлаймын. Не боларын әлі көре жатармыз. Онымен титулмен немесе онсыз да жұдырықтасамын деген үміттемін", - дейді Головкин Нью-Йорктегі баспасөз мәслихаты кезінде.


Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы өткізеді. Боксшылар аралық салмақта (164 фунт) жұдырықтасады. Бұл Головкин мен DAZN стриминг қызметі арасындағы үш жылдық келісімшарт бойынша алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 815    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 09:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31