Бокс

Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық WBC рейтингінің ТОП-15 сатысына көтерілді

  • Али Ахмедов. © Vesti.kz

    Али Ахмедов. © Vesti.kz

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов (13-0, 10 КО) WBC ұйымының ТОП-15 рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Ахмедов ұйымның жастар чемпионы белбеуіне ие.


Қазіргі таңда 23 жастағы боксшының ісін белгілі қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) GGG Promotions компаниясы жүргізеді. WBC рейтингінде Ахмедов 15-ші тұр. Ұйымның бұл салмақтағы (жартылай ауыр) чемпиондық белбеуі украиналық Александр Гвоздикте (16-0, 13 KO).


Қазқстандық кәсіпқой соңғы рет 2018 жылы қазанда АҚШ-тың Коста-Месте қаласында өткен WBC жастар чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте алғашқы раундта-ақ мексикалық Джовани Хавьер Гоместі нокаутқа түсірген еді.


WBA рейтингінде Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) та осындай орынға көтерілді.


Сонымен бірге, IBF рейтингінде жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бахтияр Эюбов (14-0, 12 KO) 14-ші орында.


 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.01.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30