Головкин мен Әлімханұлы қандай жағдайда жұдырықтасуы мүмкін екені айтылды

22 қыркүйек 2022, 10:34

Boxingnews24.com журналисі Крейг Дейли қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қандай жағдайда жұдырықтасуы мүмкін екенін жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналистің ойынша, ол үшін Головкин Әлімханұлының промоутерімен келісімшарт жасасуы керек.

"Егер Головкин Top Rank-пен келісімшарт жасасса, промоутерлер Головкин мен орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жұдырықтастыруы мүмкін. Головкин Канело мен Риота Муратаға қарсы қалай өнер көрсеткенін ескерсек, оған бұл өте қиын жекпе-жек болар еді.

Кейінгі төрт жылда DAZN Головкинмен бірге бірнеше сәтсіз жекпе-жек өткізді, оның ішінде Стив Роллс, Камиль Шеремета, Сергей Деревянченко мен Риота Мурата бар.

Айта кетейік, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсы кездесу Головкиннің DAZN платформасындағы соңғы жекпе-жегі болған.

Ал Жәнібек Әлімханұлының өзі бұрынғы сұхбаттарында Головкин ағасы екенін, сондықтан онымен жұдырықтаспайтынын айтқан еді. 

massaget.kz