Головкин мен Альварес үшінші айқасқа келісті. Өтетін күні белгіленді

26 ақпан 2022, 18:55

Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) қыркүйек айында Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізеді, деп жазады белгілі инсайдер Майк Коппинджер.

 

Оның айтуынша қос алып арасындағы үшінші айқас биыл қыркүйек айының 17 жұлдызы өтуі тиіс. Ең алдымен "Канело" мен Головкин осыған дейін келісіп қойған Дмитрий Бивол мен Риота Муратаға қарсы кездесулерін жеңулері керек. Мексикалық пен ресейлік боксшы жоспар бойынша 7 мамырда рингте қолғап түйістіреді. Ал Головкин мен Мурата сәуір айында Жапонияда кездесуі тиіс.

 

Еске салайық, 2017,2018 жылдары Альварес пен Головкин кездесіп, алғашқысында тең есеп тіркелсе, екінші айқаста мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын.

 

 

 

vesti.kz