Бокс

"Головкин мені андеркартында шығармай қойды". Елеусінов GGG-мен қарым қатынасы туралы айтып берді

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшымыз Дания Елеусінов Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұқбатында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері даңқты отандасымыз Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

- Сіз Головкинге ренжіп жүр деген әңгіме бар. Жалпы Геннадиймен қарым-қатынасыңыз қалай? Осы туралы айтып берсеңіз.

 

- Егер ол маған ренжіп жүрмесе, менің оған ешқандай ренішім жоқ. Қатты бір араласпаймыз да. Америкада ол Калифорнияда дайындалады. Тек соңғы кездесуіне ғана Флоридада жаттықты. Менің оның бауыры Максиммен араласамын. Хат алмасып, жағдай сұрасып тұрамыз.

 

- Ол сізге не үшін ренжуі мүмкін?

 

- Менің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуімнен кейін берген сұқбатым ұнамай қалған шығар. Ол жерде мені екінші Головкин деп айтылды. Бірақ мен екінші Головкин емес екенімді, менің жолым басқа екенін айттым.

 

Бұл жерде мен Головкинді әлсіз деген жоқпын.

 

Біздің жалпы табиғатымыздан бөлек адамбыз. Менің физикалық күшім Геннадийдікі секілді мықты емес. Соққыларым да күшті емес. Менің стильім басқа. Мен басымдықты жылдамдыққа беріп, аяқтарыммен көп жұмыс істеймін.

 

Сосын бұл салмақ қуудан кейін айтылған нәрсе еді. Шаршап тұрғанмын. Сондықтан да не айтып жатқанымды қатты бақылай алмадым.

 

Қазір бұл сұраққа қайта оралғым келмейді. Дегенмен осыны ол жақын қабылдап қалған секілді. Содан кейін Головкин мені андеркартында шығармай қойды. Алайда ол қазір менің менеджеріммен жұмыс істейді.

 




Көрілген: 1087    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 15:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30