Головкин мен DAZN келісімшартты өзгертті

21 қазан 2021, 18:33

Орта салмақта IBO жәнне IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) стримингтік сервисінің басшылары келісімшартты өзгертті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Инсайдер Дэн Рафальдің ақпараты бойынша, боксшы мен екінші тарап бұрынғы келісімшартқа өзгерістер жасаған.

 

"Дереккөздің ақпараты бойынша, Головкин мен DAZN жаңа келісімшарт жасады. Бұл шартнама бойынша Головкин бірінші кездесуін 29 желтоқсан күні Токио қаласында Риота Муратаға қарсы өткізеді, - деп жазды Рафаэль твиттер парақшасында.

 

Инсейдер келісімшартта бұдан басқа қандай өзгерістер болғанан айтпады. Жаңа келісім бойынша қазақстандық боксшының сыйақысы өзгеруі әбден мүмкін.

 

Еске салайық, Головкин DAZN компаниясымен 2019 жылы келісімшарт жасаған болатын. Ол келісім бойынша отандасымыз 6 кездесу үшін 100 миллион доллар алуы керек еді. Қазіргі уақытта бұл кездесулерден Головкин тек үшеуін ғана өткізді.