Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі Мексикада өтуі ықтимал.
Суперорта салмақта абсолют чемпионның бапкері Эдди Рейносо осындай бастама ұсынды, деп хабарлайды BoxingTribeUK.
"Эдди Рейносо GGG-ді 168 фунтқа шақырып отыр, қыркүйекте "Канеломен" Мексикада жұдырықтасу үшін", - деп хабарлайды дереккөз.