Бокс

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қалай аяқталатыны айтылды

  • © КТК

    © КТК

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум ESPN Deportes спорт арнасына берген сұхбатында WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) орта дивизионның ең мықты боксшысы екенін айтады.


Промоутер қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жекте "Канелоны" жеңе аларына сенбейді. Арумның сөзінше, бәрі GGG-дің жасына байланысты, сәуірде боксшы 37 жасқа толады.


"Қазір орта салмақта "Канелоны" жеңетін адам жоқ. Головкин былтыр жеңер ма еді, бірақ, жыл өткен сайын қартайып келеді. Сондықтан "Канело" - орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшысы.


Альварес пен Джейкобс - жақсы жекпе-жек. Джейкобс орта дивизиондағы жақсы боксшы. Бір-екі жыл бұрын жұдырықтасқанда жеңуге мүмкіндігі болатын еді, ал қазір "Канело" мүмкіндігінің шырқау шегіне жетіп отыр. Ол жақсы боксшы, дегенмен, "Канело" ол үшін тым мықты", - дейді Арум.


Альварес пен IBF белбеуіне ие америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да чемпиондықтарын алғаш рет қорғайды.


 vesti.kz




Көрілген: 1876    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31