Бокс

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

  • Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

    Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

БАҚ Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі болатын күнді жариялады. Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме беріп.

Бұл жекпе-жекке дейін Головкин Мексикалық спортшыны, бірінші орта салмақтағы экс-чемпион Хайме Мунгияны жеңуі керек. Бұл жекпе-жек мамыр айында өтеді деп күтілуде.

 "Ресми келіссөздер әлі жүргізілмегенімен, барлық тараптардың, сондай-ақ екі боксшы мен олардың жекпе-жегін көрсететін DAZN стримингтік платформасы қызығушылық білдірген. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйек айында Канеломен үшінші жекпе-жекке шығады, ал егер Хайме жеңсе, алдағы уақытта Альвареске қарсы жекпе-жекке шығатын жаңа жұлдыз  болмақ", - деп жазады ESPN Deportes дереккөзі.

Еске сала кетейік, Головкин мен Канело екі жекпе-жек өткізді: біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тартысты жекпе-жек теңдей аяқталды, ал бір жылдан кейін реваншта мексикалық боксшы жеңіске жетті.

 stan.kz




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30