Бокс

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты жағымсыз дерек шықты

  • © REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

    © REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы биыл қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесудің болатынына күмәнданып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.


Бұдан бұрын көптеген шетелдік сарапшы жазғандай, "Канело" Дэниэл Джейкобсты жеңіп, ал Головкин Стив Роллсты ұтса, қазақстандық пен мексикалық қайта жұдырықтасады. Альварес Джейкобстан басым түсті, Головкин 8 маусымда Роллсқа қарсы шығады. Бірақ GGG командасы үшінші жекпе-жектің болатынына күмән келтіріп, басқа қарсылас тауып қойған көрінеді.


"Канело" Джейкобсты жеңіп, өз шаруасын тындырды. Енді Геннадий Роллсты ұтуы тиіс. Оған шамасы жетсек, "Канеломен" үшінші кездесуге жол ашылады. Мен DAZN және Де ла Хойямен келіссөз жүргіземін. Мәмілеге келе аламыз ба көреміз", - деді Головкиннің промоутері Том Леффлер.


Алайда Леффлер, сонымен бірге, "Канело" – GGG кездесуіне баламаны қоса атады. Оның сөзіне сүйенсек, Геннадий WBC "уақытша" чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығуы мүмкін.


"Әлбетте, негізінен ойымызда "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жек, бірақ оны ұйымдастыру қиынға соқса, Чарломен жақсы кездесу өткізуге болады. Мықты боксшы, әлеуметтік желіде танымал, өз-өзіне промоутер", - деді Леффлер.


Sputnik


 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 23:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31