Головкин Муратадан кейін тағы бір чемпионмен жекпе-жекке шығады

28 қыркүйек 2021, 22:25

Орта салмақта WBA ұйымының "уақытша" чемпионы Крис Юбенктің (30-2, 22 КО) промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-11, 36 КО) жекпе-жек ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді.

 

Юбенк рингке 2 қазан Лондонда шығады. Оның қарсыласы Қазақстан тумасы Алексей Мұратов (24-2-1, 17 КО).

 

Осыдан кейін британиялық желтоқсанда рингке оралмақ. Алайда бұл уақытта Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін емес. Промоутердің өзінше, GGG-мен айқас 2022 жылдың жазында болады.

 

"Желтоқсанда Головкинмен шыға алмайтынымыз анық, өйткені ол Муратамен жұдырықтасуы тиіс. Геннадий осы айқасын өткізе салысымен оған ораламыз.Бұл келесі жылы жаздағы үлкен жекпе-жек болады.

 

Ал дәл қазір біз жергілікті көлемдегі кездесулерді қарастырып отырмыз. Біздің тізімде - Лиам Уильямс және Билли Джо Сондерс. Сондерспен айқас өтетініне сенімдімін. Ол үлкен табыс көрді және оған зейнетке шығуға ештеңе кедергі емес. Бірақ ол Юбенкпен жұдырықтасқысы келтіні айтты, сондықтан мұны ұйымдастыру керек", - деп береді Зауэрлендтің сөзін The Sun.

 

 

 

kaz.vesti.kz