Головкин Муратамен айқас үшін қанша гонорар алады

01 сәуір 2022, 13:25

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "супер" титулының иегері жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 KO) алдағы айқас үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Головкиннің кепілді гонорары 12,3 миллион доллар, ал Муратаға 4,1 миллион тиеді.

 

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада өтеді. Головкин Жапонияға жетіп алғанын айта кетейік.