Бокс

Головкин титулына бақталас болып тұрған адамның кім екенін білді

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

 

2020 жылдың желтоқсан айында Польша спортшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғап шыққан қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) аталған санаттағы әлем чемпионы болып табылады.

 

Рейтингтің жаңа релизінде алғашқы екі орын бос тұр.

 

GGG-мен жұдырықтасқанша тізімде үшінші орында болған Шеремета оныншы орынға сырғыды, ал оның орнын Германия өкілі Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) басқан.

 

Головкиннің ықтимал қарсыласы, мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) тізімде содан кейін тұр.

 

Атап өтейік, IBF әзірге Головкин мен Войницкидің жекпе-жегін ресми түрде белгілеген жоқ.

 

IBF-тің орта салмақтағы ТОП-15 рейтингінде сондай-ақ Қазақстанның тағы үш өкілі мен бір тумасы бар: Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) &ndash 9-шы орын, Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) &ndash 11-ші орын, ал Германия үшін рингке шығып жүрген Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) &ndash 13-ші және Қанат Ислам (27-0, 21 КО) &mdash 14-ші орын.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 979    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30