Головкинді жекпе-жекке шақырған экс-әлем чемпионы белбеуін қорғап қалды

20 ақпан 2022, 18:22

Мексиканың Тихуан қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) америкалық Димитриус Баллардты (21-1-1, 13 КО) жеңіп орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

12 раундқа жоспарланған айқас небәрі үшінші раундта тоқтады. Мунгия қарсыласына ауыр соққылар жұмсап техникалық нокаутпен басым түсті.

 

Еске салайық, орта салмақта мексикалық былғары қолғап шебері WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, бірнеше рет белбеуін қорғаған еді. Сонымен қатар, ол Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырған болатын.