Бокс

Головкинмен бірге жаттыққан абсолют нокаутшы Мексиканы дүрліктірді

  • Сурет: Gottstat.com

    Сурет: Gottstat.com

Бірінші орта салмақтағы украиналық проспект Сергей Богачук Мексикада жанкүйерлерді тамсандырды, деп хабарлайды vRinge.com.

 

Он сегіз кездесуінің бәрін нокаутпен аяқтаған украиналық боксшы Мексикада жергілікті Алехандро Давиланы (21-2-2, 8 КО) алтыншы раунда берілуге мәжбүр еткен. Бұл бокс кеші қыркүйекте өткен еді.  Жекпе-жекті бұл елде Grupo SIPSE TV трансляциялады.

 

"Богачук vs Давила - біздің елдегі рейтингі өте жоғары шоулардың бірі болды. Түскен табыс көңілімізден шықты, болашақта да Сергеймен іс жүргіземіз деген үміттеміз. Богачуктың оралуын асыға күтеміз", - дейді компнаия өкілі.

 

Айта кетейік, Богачук пен қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері бір - Том Леффлер. Бұрын боксшылар Абель Санчесте бірге жаттыққан, алайда, екеуі де маманмен қош айтысты.

 

"Сергей Мексикада жекпе-жекке дейін де көп жұмыс істеп, жарнамасын жақсы жүргізді. Мексикалық БАҚ өкілдерімен көп сұхбаттасты. Ол жердегі жанкүйерлер риза екенін көрдік. Сол себепті де ол тамаша перформанс көрсетті, Давиланы алтыншы раундта тоқтатып тастады. Енді ұйым Сергейдің келесі жекпе-жегімен айналысуда. Ол жақында рингке оралады. Ал Месикаға міндетті түрде ораламыз", - дейді Леффлер.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30