Бокс

"Головкинмен жұдырықтасуға екі рет келіскем". Сондерс GGG және "Канело" туралы мәлімдеме жасады

  • © arnapress.kz

    © arnapress.kz

Орта салмақта WBO ұйымының бұрынғы чемпионы британиялық Джо Сондерс белбеусіз жақсы жекпе-жекке қол жеткізу қиын боларын айтады, өйткені чемпион болып тұрып та топ боксшылармен жұдырықтаса алмаған. Ол Головкин мен де, Альвареспен де жекпе-жекке келіскенін, алайда, нәтиже болмағанын мәлімдеді. Боксшының сөзін Evening Standard келтіріп отыр.


Еске салайық, былтыр WBO допинг дауына байланысты Сондерстен белбеуін алып қойған. Боксшы шеттеуден кейін боксқа оралды, дегенмен, әлі қарсыласы да жоқ, жекпе-жек те белгілемеген.


"Чемпион болып тұрғанымда адамдар "Канело" туралы, Головкин жайында да айтатын. Бірақ ешкім Сондерс туралы үндемейтін. Ешкім менімен - икемді солақаймен, ыңғайсыз, соққы өткізбейтін боксшымен жұдырықтасқысы келмейді.


Головкинмен жекпе-жекке екі рет, "Канеломен" де келістім. Одан кейін "Канело" менімен келіссөз жүргізді, алайда, Головкинмен ұтымды келісім жасау үшін.


Кәсіпқойға ауысқанымда мақсатым миллионер атанып, 31 жаста кету болатын. Менің басымдығым - рингте қозғалуым. Сондықтан 29 бен 31 жас аралығы мен тамаша формада болдым. Мұндай әрдайым бола бермейді. Ақшаға қатысты, мен орынды жұмсаймын. Бизнесте жылжымайтын мүлік арқылы мен бокстан көбірек табыс көрдім. Бірақ бокссыз мен ешқайда инвестиция жасай алмас едім. Былай менде бәрі жақсы.


Әзірге ешкім менің ең жақсы жекпе-жегімді көрген жоқ. Ендігі уайым: өзімді көрсете алатын мүмкіндік туа ма?" - дейді Сондерс.


 vesti.kz




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30