Бокс

Головкиннің бапкері Лас-Вегастағы төрешілердің жемқорлығы жайында

  • © vk.com/ggolovkin

    © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес WBA және WBC чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".


"Альварес жеңу керек, Джейкобс та мықты. Бірақ "Канелоның" қолының жылдамдығы мен бокстағы дағдыларына Дэниэлдің шамасы келмейді. Джейкобс төрешілер шешімімен жеңеді деген мүмкіндік бар, алайда, мұндағы қиындық жекпе-жектің Вегаста өтетіндігінде. Ал Дэниэл Вегаста үш ұпай артта болатынын біледі.


Лас-Вегаста ежелден аты шыққан боксшыларға болысады. Алдымен Хулио Сезар Чавес, одан кейін Флойд Мейвезер, ал қазір Альварес. Олар бұл қалаға кіріс береді, табыс әкеледі... Флойд пен "Канелоның" жекпе-жегіндей 114-114 секілді даулы шешімдердің себебі осы. Мұның бәрі жергілікті төрешілердің жемқорлықпен байланып қалған деген ойға жетектейді", - деп келтіреді Санчестің сөзін BoxingScene.


Еске салайық, Альварес пен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. 


vesti.kz




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.02.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30