Бокс

Головкиннің бұрынғы бапкері "Канелоны" жеңе алатын жалғыз боксшыны айтты

  • Абель Санчес. Сурет: boxingscene.com©

    Абель Санчес. Сурет: boxingscene.com©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті жеңе алатын жалғыс боксшыны айтты.

 

"Бұл салмақта "Канелоны" жеңе алатын жалғыз боксшы бар. Ол Дэвид Бенавидес деген жас жігіт.

 

Оның жас кезі есімде. Головкинмен спарринг өткізді. Ол Геннадийдің ең мықты спарринг қарсыласы болды. Бенавидес ол кезде әуесқой бокста өнер көрсетіп жүрген. Кәсіпқой боксқа үш-төрт жылдан кейін ғана ауысты.

 

Сонымен қатар мен Бенавидестің Wild card залында тәжірибелі боксшылармен спарринг жасағанын көрдім. Сол уақытта ол әлі толысқан, тәжірибелі боксшы емес еді. Қазір Давид біраз тәжірибе жинады. Өз салмағында ол біраз боксшыға қиындық туғызады. Оның ішінде "Канелоға" да оңай қарсылас болмайды. Давиддің қорғанысы мықты. Сонымен қатар ол жұдырықтасу стильін оңай ауыстыра алады", - деп келтіреді Санчестің сөзін Boxinginsider.com порталы.

 

Айта кетейік, "Канело" соңғы кездесуін британдық Каллум Смитке қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Ал Головкин Камил Шереметамен жолығып, жетінші раунда нокаутпен жеңді.

 

 

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 4612    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 22:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31