Головкиннің бұрынғы бапкері «Канелоны» кім жеңе алатынын айтты

09 наурыз 2022, 17:54

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері, мексикалық маман Абель Санчес екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті кімдер жеңе алатынын айтты. Бұл туралы championat.com-ға сілтеме жасаған Egemen.kz хабарлады , - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

«Менің ойымша Сауль Альваресті жеңуге мүмкіндігі мол үш боксшы ғана бар. Олардың бірі – жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев. Артурдың денесі мығым, соққысы жойқын әрі төзімді. Оны тоқтату өте қиын.

 

Сонымен қатар Давид Бенавидес пен Геннадий Головкин де «Канелоны» жеңе алады.

 

Алайда Геннадий бұрынғыдай спорттық бабына келсе ғана Сауль Альваресті жеңе алатынын айта кеткен ләзім», деді мексикалық бапкер YouTube-тағы арналардың біріне берген сұхбатында.