Бокс

Головкиннің жекпе-жегі тағы кейінге шегерілді

  • Сурет: DAZN©

    Сурет: DAZN©

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді.

 

Қазақстандық боксшы негізі жекпе-жегін қараша айында АҚШ жерінде өткізуі керек болатын. Оның қарсыласы да белгілі еді. Головкин IBF белбеуінің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) айқас өткізуі керек еді. Бірақ польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.

 

"Біз тікелей Головкиннің командасынан жекпе-жек желтоқсанның аяғында немесе қаңтардың ортасында өтуі мүмкін деген ақпарат алдық. Дегенмен біз бұған дейін де мұндай хабар алған едік.

 

Бұл жағдай боксшының өзіне бапкерлер мен промоутерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Біз кездесудің нақты қашан өтетінін асыға күтіп жүрміз. Камил күн сайын жаттығу жасап жатыр. Жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне ол да уайымдап отыр", - деп келтіреді промоутердің сөзін RingPolska.

 

"Желтоқсанда АҚШ жерінде жанкүйерлердің қатысуымен жекпе-жек өткізуге болады. Мүмкін осы үшін де Головкин кездесуді кейінге шегерген шығар. Қазір Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум бұл мәселені шешудің жолын қарастырып жатыр", - деп жазады басылым.

 

Негізі Головкин шаршы алаңға 2020 жылдың ақпан айында шығуы керек еді. Бірақ кейін бұл дата наурызға ауыстырылды. Дегенмен ол кезде жаттығу барысында Головкин жарақат алып, жекпе-жек тағы кейінге қалды.

 

Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қазан айында Нью-Йорк қаласында шығып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңді. Бұл кеште Камил Шеремета да шаршы алаңға шығып, мексикалық Оскар Кортестен үстем түсті.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 162    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 03:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30