Бокс

Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа датасы аталды

  • Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа датасы аталды

    Головкиннің келесі жекпе-жегінің жаңа датасы аталды

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері, Matchroom Boxing промоутерлік компанияның басшысы Эдди Хирн GGG-дің 2020 жылы жекпе-жегі өтетініне үміт қалмағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Геннадийдің міндетті қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болуы тиіс. Бұған дейін жекпе-жек 20 қараша күні өтетіні хабарланған еді. Алайда, Шереметаның жаттықтырушысы Федор Лапин айқас күні кезекті рет ауыстырылатынын мәлімдеді.

Э.Хирн кездесу осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін екендігін айтуда.

«Ия, Геннадий рингке 2020 жылы қайтып оралуды көздеп отыр деп ойлаймын. DAZN-нан жекпе-жектер кестесін қарастыру керек. DAZN бұл жекпе-жек (Головкин-Шеремета) қомақты ақша төлеп отыр және оның қашан өткізілетінін олар шешеді. Геннадий Головкин 2019 жылдың қазан айынан бері жұдырықтасқан жоқ. Көп уақыт болды. Қазіргі кезде GGG мансабында бастысы &ndash Синко де Майода «Канеломен» үлкен жекпе-жектің өтуін қамтамасыз ету. Сондықтан, егер Геннадий желтоқсан не қаңтар айында жұдырықтасса және Шереметаны таза жеңсе, бірден «Канеломен» үшінші жекпе-жекке өтетініне үміттенеміз. Кез келген боксшы үшін 2020 жылы бірде-бір жекпе-жектің болмауы &ndash үлкен соққы», - деді Хирн SI Boxing-қа берген сұхбатында.




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30