Бокс

Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен өтетін орны белгілі болды

  • Геннадий Головкин. Фото: badlefthook.com

    Геннадий Головкин. Фото: badlefthook.com

ESPN журналисі әрі инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтенінін айтты, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Дереккөздің мәліметі бойынша, кездесу Қазақстанда өтпейді.

 

"Бокстың кестесі коронавирус пандемиясына байланысты өзгеріп отыратынына қарамастан, Геннадий Головкиннің титулды Камил Шереметаға қарсы міндетті қорғау жекпе-жегі енді 6 маусымда Инглвудтегі Forum аренасында өтеді. Жекпе-жек алдын ала белгіленген мерзім 29 ақпаннан 28 наурызға, содан кейін сәуір немесе мамырға, ал қазір маусымға шегерілді. Жекпе-жек Головкиннің туған жері Қазақстанда өтуі мүмкін еді, бірақ ақпарат көздері айтқандай, бұл қазір талқыланбайды да. Жекпе-жек күнінің өзгеру себептерінің бірі - GGG ақпанның ортасында жаттығуда жіліншігін жарақаттап алған", - деп жазды Рафаэль өз колонкасында.

 

Еске салайық, бұған дейін Головкиннің рингке маусымда оралатынын промоутері Эдди Хирн айтқан болатын.

 




Көрілген: 124    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 16:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31