Бокс

Головкиннің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

  • Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin

    Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin

Жеңіліс таппаған канадалық боксшы Стив Роллс Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін келісімнің шарттарына келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sport Illustrated журналисі Крис Мэнникке сілтеме жасап.


Ол DAZN компаниясында жүргізуші болып жұмыс істейді.


"Головкин мен Роллс маусымда болатын жекпе-жекті өткізуге жақын тұр, деп хабарлады боксшыларға жақын дереккөздер. Олардың айтуынша, келісім Роллстың көңілінен шығады", - деп жазған журналист Twiiter желісіндегі парақшасында.


Кейін қазақстандық боксшы канадалықты келесі жекпе-жекте қарсыласы болатынын айтты. "Мен рингке шығар алдында сәл қобалжып тұрмын, бірақ мен Big Drama Show MSG алаңында көрсетемін. MSG жанкүйерлерінің қолдауы өте күшті. Мен боксты сүйемін, Стив Роллске қарсы шыққанда барымды саламын", - деді Головкин BoxingScene журналисіне берген сұхбатында.


Кездесу 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Келесі аптаның басында, яғни 22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. 27 сәуірден бастап билеттер сатылымға түседі. 35 жастағы Стив Роллс екінші жартылай салмақта өнер көрсетеді. Ол 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Жекпе-жектердің басым бөлігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та өткізген. Канадалық өз карьерасында 12 раундтық кезесу өткізбеген. Сондай-ақ ол АҚШ-та USBA нұсқасы бойынша екінші жартылай салмақта шағын белбеуге ие.



Ал 37 жастағы Геннадий Головкин рингке 2018 жылдың қыркүйегінен шықпаған. Ол соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс.




tengrinews.kz


 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31