Бокс

Головкиннің промоутері "Канеломен" абсолют чемпион атағы үшін болатын кездесуді ұйымдастыру туралы

  • Официальный постер боя Головкин -

    Официальный постер боя Головкин - "Канело".

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің ойынша екінші орта салмақ бойынша WBC, WBA және WBO титулдарының иегері  мекскиалық Сауль "Канело" Альвареске (56-1-2, 38 КО) осы салмақ дәрежесендегі IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) келісу қиын болмауы керек.

 

Бұл туралы Хирн "Канелоның" WBO титулының иегері британдық Билли Джо Сондерсті(30-1, 14 КО) мерзімінен бұрын жеңген кездесуінен кейін болған баспасөз мәслихатында айтты.

 

"Альвареспен екі жекпе-жекке келісіміміз болған. Бұл баға жетпес тәжірибе болды. Меніңше біз бірге өте жақсы жұмыс істедік. Ары қарай қарым-қатынасымызды ұзаққа соза аламыз деп үміттенемін.

 

Калебом Плантпен кездесу ұйымдастыру қиын емес. Бұл "Канелоның" телеарналармен бірлесіп жұмыс істемей-ақ, еркін жүру туралы шешімінің кереметтегі болар еді. Сондықтан бұл жекпе-жекті ұйымдастыруда саясат та, басқа да жоқ. Сондерспен кездесудің DAZN-дағы сандары өте қомақты болды. DAZN Плантпен кездесуге жақсы ұсыныс жасау керек, жасайды да. Fox арнасы да үлкен ұсыныс жасайды. Алайда "Канело" өзі қалаған жерде, өзі қалаған кездесуді өткізуге ерікті.

 

Меніңше, бұл айтарлықтай қарапайым процесс. Оны уақыт созбай іске қосу керек деп ойлаймын. "Канелоның" жағдайында ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын" - деді Хирн. Айта кетейік, Хирн орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) де бірге жұмыс істейді.

 

Осының алдында "Канелоның" өзі, егер Головкин салмақ дәрежесін көтерсе, онымен үшінші кездесу өткізуге дайын екенін айтқан болатын. 

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 809    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 12:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31