Бокс

Головкиннің салмағындағы 21 нокауты бар экс-чемпион аралас жекпе-жекке ауысты

  •  Reuters©

    Reuters©

Орта салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы тегі камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-5, 21 КО) карьерасын аралас жекпе-жекте жалғастырмақ (ММА), - деп хабарлайды vRINGe.com.

 

36 жастағы боксшы франциялық Ares FC промоушенімен келісімшартқа отырды.

 

"Франциядағы ең мықты болғасын ұсыныстарын қабылдадым", - дейді осы елдің азаматтығын алған Н'Жикам.

 

Ал промоушен президенті Фернанд Лопес боксшы өзінің жетістігін ММА-де қайталай алады деп сенеді.

 

"Хассан бокспен Камерунде шұғылдана бастап, әлемдік деңгейдегі боксшы екенін дәлелдеді. Оның ендігі мақсаты жетістігін ММА-де қайталай алатынын бүкіл әлемге дәлелдеу", - дейді Лопес.

 

Айта кетейік, Н'Жикам кейінгі төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңілген: британиялық Каллум Смитт (27-0, 19 КО) және жапониялық Риота Мурататадан (16-2, 13 КО) нокаутпен, ресейлік Федор Чудиновтен (22-2, 15 КО) төрешілер шешімімен.

 

2019 жылы сәуірде Н'Жикам қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығу керек болған. Алайда Головкиннің DAZN-дегі бірінші айқасы канадалық Стив Роллспен (20-1, 11 КО) өтті.

 

2012 жылы Н'Жикам орта салмақта WBO, ал 2017 жылы - WBA (Regular) чемпионы болған.

 

kaz.vesti.kz/boxing/11976/

 




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31