Бокс

Головкиннің шаршы алаңға оралатын уақыты белгілі болды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл туралы Sportarena.com порталы хабарлады.

 

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

 

«Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Бірақ жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді», - деді Леффлер.

 

«Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар», - деді промоутер.

 

Еске салайық, осыған дейін Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 01:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31