Бокс

Головкиннің сыңары атанған қазақ боксшы "Канело" промоутерлерінің кешінде жеңіске жетті

  • Головкиннің сыңары атанған қазақ боксшы

    Головкиннің сыңары атанған қазақ боксшы "Канело" промоутерлерінің кешінде жеңіске жетті

Қытайда дүниеге келген этникалық қазақ Бейсенбі Насиуллаұлы (16-3-1, 6 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Корральді (31-15, 20 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Индио қаласындағы Fantasy Springs аренасында өткен бокс кешінде қазақ боксшы бірінші жартылай ота салмақта сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде америкалық Эндрю Канчио (21-5-2, 16 КО) никарагуалық Рене Альварадодан (32-8, 21 КО) нокаутпен жеңіліп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBA (Regular) бебеуінен айырылды.

Канчио - Альварадо бокс кеші DAZN стриминг қызметімен трансляцияланды. Бұл шоуды Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды. Бұл компанияның ең атақты боксшысы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО).

25 жастағы Насиуллаұлы кәсіпқой рингкте 2015 жылы өнер көрсете бастады, ал 2017 жылы алғаш рет Қытайдан тыс жұдырықтасып, Жапонияда жеңілді. АҚШ құрлығында ол 2018 жылы жекпе-жек өткізіп, ганалық Фредрик Лоусоннан (28-2, 11 КО) жеңілді.

2016 жылы британиялық Boxingmonthly.com басылымы Насиуллаұлын атақты Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) сыңары деп атады.




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31