Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Головкиннің ізбасары атанған өзбек нокаутшы қарсыласының қабырғасын сындырып жіберді (видео)

17 қараша 2020, 15:18

Бірінші жартылай орта салмақтағы өзбекстандық проспект Шохжахон Эргашев (19-0, 17 КО) кезекті қарсыласын жекпе-жек уақыты аяқталғанға дейін жеңді.

 

Ресейдің Краснояр қаласында өткен бокс кешінде Эргашев беларуссиялық Дмитрий Милюшамен (9-4-1, 4 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа есептелген кездесу екіншісінен кейін аяқталды.

 

Өзбек боксшы қарсыласының оң бүйірінен ұрғанда қабырғасын сындырып жіберген екен. Үшінші раунд басталысымен Милюша дәрігердің кеңесімен жекпе-жекті жалғастырмайтын болды.

 

 

Айта кетейік, өзбекстандықтың промоутері Эргашевті әйгілі қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) ізбасары деп атаған.

 

kaz.vesti.kz