Хайме Мунгуя Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа қатысты пікір білдірді

24 ақпан 2022, 18:15

Әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгуя (39-0, 31 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) кездесу өткізуге қарсы емес. Бірақ ол қазір басқа нұсқаларды да қарастыруда, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) бұл екі боксшы арасындағы айқасты хабарлады. Егер екі команданың өкілдері он күнде келісімге келе алмаса, онда жекпе-жекті өткізу құқығы бассаудаға қойылады.

 

"Жәнібекпен кездесуге қарсы емеспін. Бірақ мен Чарло және Головкин сияқты чемпиондармен кездескім келеді. Сонымен қатар, Андрадемен де кездесу қызық болады", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін журналист Леви Луна.