Бокс

Холифилд жекпе-жек алдында Тайсонға ескерту жасады

  • © Fightnews.info

    © Fightnews.info

Суперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Эвандер Холифилд (44-10-2, 29 KO) бокс аңызы Майк Тайсонмен (50-6, 44 КО) жекпе-жекте барын салып жұдырықтаспайтынын айтады. Ол қарсыласын да асыра сілтеу болмасын деп ескертті, - деп хабарлайды vRinge.com.

 

Еске салайық, алдымен 53 жастағы Тайсон, одан кейін 57 жастағы Холифилд қайырымдылық үшін бірнеше жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген. Боксшылардың бір-бірімен рингте кездесу ықтималы бар.

 

"Егер маған ауыр соққы жасап, шынайы ұрса, мен жауапсыз қалмаймын. Бокстың негізі сол. Жекпе-жек өтетін уақытта мен 58, ал ол 54 жаста болады, екеумізге де денсаулық керек. Бірақ мен қайталап айтайын, мені тықсыра бастаса, алдымда кім тұрғаны бәрібір, туған бауырым болса да бар күшімді көрсетемін. Мен төпештей бастамасын десең, өзің шектен аспа", - дейді Холифилд.

 

Еске салайық, 1997 жылғы қарымта жекпе-жекте Тайсон осы Холифилдтің құлағынан тістеп алған еді.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31