Холифилдтің ұлы ауыр нокаут алды

15 мамыр 2022, 18:05

Эван Холифилд кәсіпқой бокста бірінші рет жеңілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Атақты Эвандер Холифилдтің ұлы Инглвуд (Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) қаласындағы бокс кешінде өнер көрсетті.

 

Америкалық боксшының қарсыласы Джермейн Макдональд болды. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті.

 

Алты раундта жоспарланған айқастың екінші кезеңінде Холифилд қарсыласының ауыр хук соққысын өткізіп, есін жия алмады.

 

 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты кездесуінде ресейлік Сергей Ковалев болгариялық Тервел Пулевпен кездеседі.