Бокс

Инсайдер Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу қашан өтетінін мәлімдеді

  • Сурет: Golden Boy Promotions©

    Сурет: Golden Boy Promotions©

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) осы салмақта WBA (Super) және WBO (Regular) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) арасындағы үшінші кездесу 2021 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

 

Оның мәліметі бойынша, "Канело" бұл кездесу үшін 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион доллар гонорар алады екен. Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесудің билеттерінен 27 миллион табыс түскен болатын. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекті жанкүйерсіз өткізгісі келмей жатыр.

 

Үшінші кездесу мексикалық боксшы қыркүйек айына жоспарлап отырған кездесуін жеңсе ғана өтеді. "Канелоның" алдағы кездесудегі қарсыласы британдық Каллум Смит болып қалуы мүмкін.

 

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы Лас-Вегас қаласында өткен кездесуде екі боксшы тең түссе, арада бір жыл өткеннен соң болған кездесуде мексикалық жеңіске жетті.  

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 14:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31