Иван Дычко елордадағы жеңісінен кейін АҚШ-та өнер көрсетеді

19 желтоқсан 2021, 10:49

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) менеджері Зия Алиев боксшымыздың 2022 жылы өтетін алғашқы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иван Америкада бокстасады. Жаңа жылдан кейін – қаңтар айында айқасқа дайындыққа аттанады. Ол рингке ақпан айында шығады деп жоспарлануда. Оның жекпе-жегін америкалық телеарна көрсетеді», - деп мәлім етті З.Алиев «Спорт Шредингераға». Еске салайық, Иван Дычко 18 желтоқсан күні елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік Александр Устиновты (36-5-1, 27 КО) жеңді. Кештің басты айқасы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль (15-2, 4 КО) арасында өтіп, кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Д.Елеусінов IBO-ның вакантты белдігін иеленді.
ҚазАқпарат