Бокс

Жәнібек Әлімханұлы 18 боксшыны сұлатқан бұрынғы чемпионымен жекпе-жекке шығады

  • http://adym.kz/

    http://adym.kz/

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт пен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

BoxRec мәліметінше, 28 жастағы Жәнібек келесі айқасында 30 жастағы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады. 26 маусым Лас-Вегастағы бокс кешінде өтетін жекпе-жек он раундқа есептелген.  Ал бұл шоудың басты кездесуінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) қарсы тұрады.

 

Қазақ боксшының қарсыласы 2018 жылы жапониялық Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңгенімен белгілі. Осылайша, америкалық боксшы орта салмақта WBA белбеуін жеңіп алады. Дегенмен бір жылдан кейін жапониялық боксшы қарымта айқаста Брантты екінші раундта нокаутқа түсірген.

 

Роб Брант кейінгі рет рингке былтыр тамызда шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңген.

 

Ал Жәнібек былтыр қазанда жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корионы (16-4, 6 КО) нокаутқа түсірген.

 

 

 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 18:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31