Жәнібек Әлімханұлы 21 нокауты бар бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

01 қазан 2021, 17:50

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0-0, 6 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BoxingScene.com.

 

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 37 жастағы франциялық Хассан Н'Дама Н'Жикам (38-5-0, 21 KO). Тегі камерундық боксшы орта дивизионда WBA және WBO чемпионы болған.

 

Мұның алдында Жәнібек 5 қараша Лас-Вегаста Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығатыны белгілі болған еді. Ал бұл шодуың басты айқасында екінші жартылай жеңіл дивизионда WBO чемпионы Микаэла Майер (15-0, 5 КО) мен IBF титулына ие Майва Хамадуш (22-1, 18 КО) жұдырықтасады.

 

 

kaz.vesti.kz