Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан қанша ақша тапты?

26 мамыр 2022, 11:26

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) қаржылық жағдайы белгілі болды.

Белгілі спорт сайттарының жазуынша, қазақстандық боксшының қазіргі таңда 1,5 миллион доллар ақшасы бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы surprisesports.com ақпараттық агенттігі жазды. Олардың айтуынша, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы үшін 2021-2022 жылдары өте табысты жыл болған. Ол осы аралықта 1,5 миллион доллар табыс тауыпты. Әзірге бұған қатысты боксшының өзі ешқандай ақпарат бермеді.

Еске салайық, жақында ғана WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" чемпион атағы үшін Әлімханұлы британдық Дэнни Дигнумға (14-1-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізген болатын. Жерлесіміз екінші раундта оны нокаутқа түсірді. Бұл туралы Экспресс К бірнеше материал жазды.