Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек уақытын айтты

15 тамыз 2023, 11:19

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазан айы қайнайын деп тұр", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде.

 

Алайда боксшы жекпе-жектің қайда өтетінін және қарсылас кім болатынын нақтыламапты.

 

Әлімханұлы қазіргі таңда АҚШ-та жүр. Ал бірнеше күн бұрын оны рекорды 16-0 болып келетін британиялық боксшы айқасқа шақырды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz