Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Ломаченкодан асып түсті - Шетелдік журналист

  • Сурет: Top Rank©

    Сурет: Top Rank©

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) америкалық Роб Брантпен (26-3, 18 КО) жекпе-жегі украиналық Василий Ломаченко (15-2, 11 КО) кардындағы ең айтулы оқиға болды.

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латынамерикалық редакциясының тілшісі Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді.

 

"Ломаченко өз ісін жасап, рингке жарқ етіп оралды. Алайда ол Әлімханұлының көлеңкесінде қалып қойды, ал Жәнібек бокс кешінің жұлдызына айналды. Ол керемет шоу көрсетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекте анық басым болып, жеңіске лайықты екенін көрсетті. Жас проспекттің тәжірибелі боксшыдан осылай басым түсуі оның сөзін шынайы қабылдауға мәжбүр етеді. Бұл жігіттің болашағы зор. Ол дивизиондағы мықты боксшылардың кез келгенін жеңе алады", - дейді Барбоза.

 

Еске салайық, Әлімханұлы - Брант жекпе-жегі өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде болды. Жәнібек алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1660    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30