Бокс

Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Боксшы Жәнібек Әлімханұлы 18 тамызда канадалық Стюарт МакЛилланмен жұдырықтасады. Айқасты Qazsport арнасы 18 тамызда таңертең сағат 06:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді.


Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. 32 жастағы канадалық МакЛиллан шаршы алаңдағы 33 кездесуінің 27-інде жеңіске жеткен.


Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінің басты бәсекесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Навaррете /27-1, 23 КО/ мен америкалық Франсиско де Вака /20-0, 6 КО/ қолғап түйістіреді.


Айта кетерлігі, биыл сәуірде Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей белбеуді - WBC Continental Americas және WBO Global иеленген.


Еске слаа кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен.


Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне жекпе-жекті тамашалауды әрі «...канадалықты бірге жазалауды» ұсынған еді.


 




Көрілген: 1529    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 21:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30