Жәнібек Әлімханұлы титулды айқас алдында соңғы ескерту жасады

21 ақпан 2022, 10:29

Орта салмақтағы қазақ боксшы Жанібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде кезекті пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бұл хабарлама жеңіліс көрмеген келесі қарсыласына арналған сияқты.

 

Қазақ боксшы орта дивизион чемпионы амеркиалық Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жұдырықтасуға үміттенген еді, алайда, WBO оның орнына Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) ұйымның "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жекті белгіледі. Содан бері бразилиялық пен Жәнібек әлеуметтік желіде тістесіп келеді.

 

"Жігіттер мен қалжыңды ұнатпаймын. Егер жеңіл жұмыс десем, демек оңай болады. Әлемнің екі экс чемпионын жеңдім. Олармен жекпе-жек алдында нокаутқа түсіретінімді айтқанмын. Солай істедім. Мен өзімді жақсы білемін. Өзіме толық сенмідімін. Кез келгенін сабаймын", - деп жазыпты "твиттерде" Жәнібек.