Орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі 22 мамыр күні "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін жекпе-жекте Ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағына таласады.
"Тікелей эфир. 22 мамыр. "Хабар" телеарнасы", - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін абсолютті чемпион Сауль Канело Альвареске Әлімханұлымен жекпе-жек ұсынылған болатын.