Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын нокаутқа түсірген сәтінен видео жарияланды

10 қараша 2019, 11:48

Фреснода (АҚШ, Калифорния) Chukchansi Park аренасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) мен канадалық Альберт Онолунсе (24-2-1, 8 КО) жұдырық түйістірген еді. Кездесу алтыншы раундта Әлімханұлының жеңісімен аяқталды деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл кеште Әлімханұлы орта салмақтағы WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

Он раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жетпей, Жәнібектің жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, 26 жастағы Жәнібек кәсіби аренда сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Онолоунсе болса мансабындағы үшінші жеңіліске тап болған.

Желіде кездесудің видеосы жарияланды.